Размер шрифта - 100% +

Дата обновления 21.04.2017 в 11:55

Дереккөз: www.24.kz

7bc986f88762fbf0c77cf4780cf4b1e6_l

Латвия павильоны 365 шаршы метрді қамтиды.

Оның бірінші қабатында қоршаған орта саласында қол жеткен жетістіктер мен инновациялар қойылса, екінші қабатында кездесу орны мен конференц зал орналасады. Ал ең басты безендіру елдің негізгі нышанының бірі – лағыл тастар болмақ. Олар заманауи дыбыстық-көріністік технология арқылы түрленіп тұрады.

Агнесе Ласе, сәулетші:

- Бұл тастардың биіктігі 5 метрге дейін жетеді. Қонақтар виртуалды көрініс арқылы Латвияның көрікті аумақтарын тамашалай алады. Бұл көрнекіліктер түр-түсін өзгертіп, адамға әсер береді. Павильонда сутекті-электрлі локомотив қоямыз. Энергия біздің табиғатымызда – бұл біздің тұжырымдамамыз.

ЭКСПО-2017 көрмесінде Латвия өзін Батыс пен Шығыстың көпірі ретінде көрсетпек мақсат – елдің танымалдығын арттыру. Үш айлық көрме тақырыптарға бөлініп, әр аптада көлік пен логистикадан бастап білім, медицина, интернет-технология, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты экономиканың әр саласы паш етіледі.

Яныс Эндзиньш, Латвиядағы ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары:

- Әр апта сайын көрмеге қатысушылар өздерінің ерекше бір дайындаған шарасын көрсетеді. Біздің жоспарлауымызша оған түрлі өнеркәсіптен 50-ге жуық өкіл қатысады. Олар да өздерінің тың өнімдерін ұсынады.

Латвияның көрмеге жұмсалатын шығыны 1 миллион еуроны құрап отыр. Мұнда өндіріс ошақтары өздерін жарнамалап қана қоймай, Қазақстандағы сауда миссиясына қатысуға мүмкіндік алады.

Ансис Эгле, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Латвия павильонының директоры:

- Біздің Қазақстанмен сауда балансымыз 100 миллион еуроға жеткен. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Ол жылына 15 пайызға өсіп отыр. Менің ойымша бұл көрме екі елдің арасындағы экономикалық қарым-қатынастың дамуына оң ықпалын тигізеді.

Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша көрмедегі Латвия павильонын шараға келген барлық қонақтың 10 пайызы көреді. Бұл шамамен 200 мың адам. Халқының саны 2 миллион ғана болатын ел үшін бұл үлкен көрсеткіш. Ал латвиялық көрсетілімдердің шарықтау шегі 9 шілде ұлттық мейрам кезінде болғалы тұр. Бұл күні Балтық Республикасы қонақтарға ауқымды мәдени бағдарлама ұсынады. Онда белгілі әнші Интарс Бусулис өнер көрсетеді.

Авторлары: Марина Петрова, Сергей Самойлов.

Дата обновления 21.04.2017 в 11:53

Дереккөз: www.24.kz

a104dde32ee3387ad6aa028eefed1059_l

Қоршаған ортаны қорғау – тек бір елдің ғана емес, күллі әлемнің міндеті.

Бұл туралы Астанада өткен экологиялық проблемалардың алдын алуға арналған жиында айтылды. Сонымен қатар Еуропа одағының қаржылық қолдауымен елімізбен қатар шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың үш жылдық жобасы қорытындыланды. Осы уақыт аралығында бірқатар түйткілдің түйіні шешілген. Атап айтсақ, Ақтаудағы көп жыл бойы қолқаны қабар иісі мен шаң-тозаңы жергілікті тұрғындарды мезі еткен қоқыс үйіндісі жабылды. Сондай-ақ Ақшұқырдағы заңсыз қалдықтар орны жартылай жойылған. Мұнай қалдықтарын далаға тастағаны үшін «Оралэнергоқұрылыс» компаниясына сот шешімімен 671 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мартин Скальский, Чехияның «Арника» үкіметтік емес ұйымының өкілі:

- Біз Қазақстанмен тәжірибеміздің табысты жақтарымен бөліскенімізге қуаныштымыз. Біздің тәжірибеге сүйене білген сіздің ел қысқа мерзімде жақсы нәтижеге қол жеткізді. Маңғыстау тұрғындарының проблемалары біршама азайды десек болады. Бірнеше экологиялық мәселе жергілікті азаматтардың бастамасымен шешімін тапты.

Дата обновления 21.04.2017 в 11:50

Дереккөз: www.24.kz

458977197c79dc6a2c1741f25c0d5b2a_l

Алматы облысында жылыжайлардың қатары көбейіп келеді. Бұрыннан жұмыс істеп тұрғандарының да аумағы ұлғайтылып жатыр.

Себебі қазір бау-бақша өнімдеріне деген сұраныс өте жоғары. Жетісу жеріндегі 80 жылыжай шаруашылығы былтыр 30 мың тоннадай өнім берді. Олар ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де өз өнімдерін шығара бастады.

Ғалия Тастанова Қапшағай қаласының іргесіндегі аумағы 10 га жерді алып жатқан жылыжай кешенінде 2012 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бастапқыда қарапайым жұмысшы ретінде кірсе, қазір осындағы екі бірдей блокты басқарады. Жылыжайдағы 7 га жерге томат егілсе, қалған 3 гектарында қияр өседі.

Ғалия Тастанова, жылыжай кешенінің блок басшысы:

- Жұмысымыз қиындау, бірақ сол жұмысымызға сай әлеуметтік пакеттеріміздің бәрі бар. Барлығы толық төленеді. 100 пайыз. Айлығымызды екі бөліп береді. Тегін көлік те бар. Түскі ас та тегін.

Мұнда 70 адам жұмыс істейді. Олар жоспар бойынша биыл 4,5 мың тонна қызанақ, 2100 тонна қияр өндіруі тиіс. Жыл басынан бері бұл жылыжай кешенінде 4 мың тоннадай қызанақ пен қияр жиналған. Олар өз өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз етіп, экспортқа да шығара бастады.

Мырзабек Бекмұханов, жылыжай кешені бас директорының орынбасары:

- Біздің өніміміз экспортқа Россияға шығады. Барнаул, Новосібір, Омск, Москваға дейін бардық.

Бұл кешенінің аумағы биыл 5 гектарға ұлғайтылды. Жылыжайдың іші сұйытылған газбен және электр қуатымен жылытылады. «Қапшағайға табиғи газ келсе, 25, тіпті 30 гектарды да емін-еркін игере аламыз»,- дейді жылыжай басшылығы. Ағымдағы жылы Іле ауданында аумағы 20 гектар болатын ірі жылыжай кешені салынып, іске қосылады. Мұндай жобалар Талғар, Ұйғыр аудандарында да жүзеге асады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев, Олжас Байбосынов

Дата обновления 14.04.2017 в 15:11

Дереккзөз: www.24.kz

f237c7b7850925d05ce70716502bdd24_l

Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды уақытылы үйлестіру мақсатында 2017 жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейінгі кезеңде экологиялық айлық өткізіледі.

Оның шеңберінде 29 сәуір мен 13 мамыр күндері елордада «Біз таза қала үшін!» жалпықалалық сенбіліктерді өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша экологиялық айлықты және жалпықалалық сенбілікті өткізу бойынша штаб құрылып, оның құрамына қала әкімінің орынбасарлары және қалалық басқармалар мен қызметтердің басшылары енді.

Экологиялық айлық өтетін кезеңде білім мен денсаулық сақтау мекемелеріне бекітілген аумақтарды жүйелі түрде тазарту, көгалдандыру ұйымдастырылады. Сондай-ақ, су нысандарының мұнай өнімдерімен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануын болдырмау мақсатында аталған нысандарды тұрақты бақылауға алу көзделген.

Экологиялық айлық барысында жеке тұрғын үй орамдарында тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырылған жинау жұмыстары қамтамасыз етіледі, қоғамдық көліктің санитарлық жағдайы тексеріледі.

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды.

Дата обновления 14.04.2017 в 15:16

Дереккөз: www.24.kz

d18e56f55453b131c28eec757f9d82f8_xl

EXPO көрмесіне қатысушы 115 елдің 90-ы павильондарын безендіруге кірісіп кеткен. Ал қалашық аумағындағы құрылыс аяқталуға жақын.

Бұл туралы облыс әкімдерінің орынбасарларымен өткен кездесуде ұлттық компания төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі нысандар қолданысқа беруге дайын. Құрылыстың аяқ алысы, халықаралық маңызды шараға дайындық барысын бүгін облыс әкімдерінің орынбасарлары өз көздерімен көріп, қалашықты аралады. Ахметжан Есімов әкімдік өкілдерін билетті сатып алуға үгіттеп қана қоймай, тұрғындарға EXPO-ның маңыздылығын насихаттауға шақырды.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ төрағасы:

- Жалпы мұндай көрме біздің өңірде ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші рет өткізіліп отыр. Осыны түсіндіріп айту керек. Әсіресе жастар, мектеп оқушылары, студенттер. Оларға келешекке ой туғызады. Дүниежүзінде жасалып жатқан еңбектерді көреді.

Дата обновления 14.04.2017 в 15:14

Дереккөз: www.24.kz

809c0de619d282a48c8c3c2b3f6d480d_l

Қысы-жазы жайқалып тұратын бақ немесе тропикалық джунгли. Шығыс Қазақстандағы Украинка ауылында орналасқан жылыжайды дәл осылай атауға болады. Таңғажайып өсімдіктер әлемін өз көзімен көруге ықыласы ауғандар қатары күн санап артып келеді.

Хоббиді бизнеске айналдыра білу де өнер. Саналы ғұмырында инженер-техник қызметін атқарған Людмила Земляная зейнет жасына жеткенде өмірінің жаңа белесіне қадам басты. Осыдан 9 жыл бұрын жылыжай ашып, тропикалық және субтропикалық дақылдарды өсіруге ден қояды. Еңбегі нәтижесіз емес. Ойындағы өсімдіктері өсіп, таңғажайып баққа айналды. Енді түрлі өсімдіктерді көру үшін тұрғындарға шетелге барудың қажеті жоқ. Украинка ауылына келсе болғаны.

Людмила Земляная, жылыжай иесі:

- Өсімдіктер өте бейімделгіш келеді. Бастысы лайық жағдай жасау. Бәрі де классикалық үлгі бойынша жарық беру, суару және қоректендіру болды. Мысалы мен лимонды жақсы көремін. Оның күтімі де оңай. Қыста жарықты аз беру керек. Күтім болса өнім де көп алуға болады. Ал төгілген гүл мен хош иіс жанға жайлылық береді.

Жылыжайда өсімдіктің 500-ге жуық түрі бар. Әрқайсысына ерекше күтім мен қамқорлық қажет. Махаббатқа бөленген жемістер өнімді мол береді. Көпшілікті тәнті еткен алып лимондар мен кішкентай банандарды тамашалаушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келеді екен. Мектеп оқушылары да осында.

Мәриям Тұрғанбек, оқушы:

- Мына жерге мен бірінші рет келдім. Маған мына жерде өте ұнады. Соншалықты көп ағаштар мен гүлдерді мен ешқашан көрген жоқпын.

Гүлім Сұлтан, оқушы:

- Маған қатты ұнады. Мен гүлдерді жақсы көремін. Менің есімде пальма, лилия өсімдіктері қалды.Содан кейін мен қызғалдақ көрдім.

Жалпы аумағы мың шаршы метрді құрайтын кешен төрт топтан тұрады.

Мерей Мұратханқызы, Twitter@muratkhankyzy:

- Көздің жауын алатын өсімдіктер мекені. Мұнда тропикалық өсімдіктер де және экзотикалық жемістер де бар. Әсемдік пен эстетика үйлесім тапқан жылыжайда 300-ден аса ұрпағымен әйгіленген Шыңғыс хан тұтынған мурайя өсімдігі бар. Денсаулыққа пайдалы өсімдікті жапон императорлары да қорған ретінде тұтынған деседі.

Өңір натуралистері мен флористері де жылыжайдың тұрақты меймандарына айналған. Ғылыми жұмыстар бойынша келісім жасау үшін еліміздің өзге өңірлерінен де мамандар келеді екен.

Айнаш Кітапбаева, биология кафедрасының меңгерушісі:

- Тропикалық өсімдіктер бар, лимон өсіріледі, ауылшаруашылық дақылдары да өсіріліп жатыр екен. Солардың бәрін көрдік. Енді студенттерімізді жылыжайға әкеліп, жұмыс жасап, байланыста болсақ деген жоспарымыз бар.

Жанға ләззат сыйлар хош иіс, жылы леп, таза ауа, көз тартар гүлдер мен бағалы ағаштар  жылдың төрт мезгілінде жайқалып тұрады. Бастысы, еселі еңбек жемісін беруде.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Дата обновления 06.04.2017 в 11:19

Дереккөз: www.24.kz

0caadd11edc111addeee789d7a6c5013_l

Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммиті – тарихи сәт болмақ. Бұл туралы аталмыш ұйымның бас хатшысы Рашид Әлімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесуінде айтты.

Тараптар маусым айында елордада ашылатын Халықаралық мамандандырылған көрменің дайындығын талқылады. Көрме шеңберінде өткізілетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саммитін де сөз етті. Астанаға келген мейман көрме кезінде ұйымға арнайы павильон ұсынылып, онда экологиялық бағдарламаны таныстыруға мүмкіндік жасалғаны үшін Ахметжан Есімовке алғысын білдірді. Еске сала кетейік, EXPO көрмесі аясында 27 тамызда Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтеді.

Рашид Алимов, ШЫҰ Бас хатшысы:

– EXPO көрмесі тек ғылым мен техника жетістіктерімен шектелмейді. Көрменің көздегені адамзаттың болашақта қандай экологиялық ортада өмір сүретіндігін көрсету. Сондықтан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үшін EXPO көрмесінде өз павильоны болғаны аса маңызды. Әлбетте осы мақсатта ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарып жатқан еңбегі ерен. Әсіресе Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесі арқылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделі асқақтай түсетіні сөзсіз.

Дата обновления 06.04.2017 в 10:44

Дереккөз: www.24.kz

671946bb32dd20559509f9454bc09758_l

«Щучье-Бурабай курортты аймағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктер тізіміне енуі мүмкін.

Бұл әлем халқын Бурабайдың көркем табиғатына назар аудартып қана қоймай, киелі өлке жайлы шетелдіктердің көп мағлұмат алуына жағдай жасайды»,- дейді мамандар.

Мәселен, қазір ғаламтордан Бурабай жайлы ақпарат табу қиынға соғады екен. Ал курортты аймақ ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енсе, халықаралық ұйым аңыз өлке жайлы мәліметтерді жинақтап, оның қолжетімді болуын қамтамасыз етпек. Одан бөлек бұл мұндағы туризмді де дамытуға сеп болады.

Бурабайға келген ЮНЕСКО-ның өкілдері, ғаламдық геопарктер тізіміне қалай енуге болатынын түсіндірді. Ол үшін Қазақстан тарапы биыл қазан айында ұйымның Франциядағы бас штаб-пәтеріне өтініш хат жолдауы қажет. Ол өтініштің өзі 3 айдай қаралады.  Қазір аталған ұйымның қарамағында 119 геопарк бар. Олар әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан.

Патрик Маккивер, ЮНЕСКО-ның халықаралық геопарктер бағдарламасының директоры:

– Мен Бурабайға бүгін келе сіздердің өте қонақжай екендеріңізге көзім жетіп, соған тәнті болдым. Бұл әлбетте туризмді дамытудың бірден-бір маңызды тетігі. Мұндай қошемет пен құрметті көрген турист келесі жолы осы өлкеге тағы келері анық. Менің мұнда келгендегі мақсат-міндетім – бүгінгі талқыланған мәселелерді басшылыққа жеткізу. Әрі осы жақтағы мамандарға кеңес беру.

Шынарбек Батырханов, облыстық туризм басқармасының жетекшісі:

– ТМД кеңістігінде, Қазақстанда бірінші рет мынау Орталық Азия елдерін қарайтын болсақ, біздің Қазақстанға ЮНЕСКО көңіл бөліп отыр. Бұл беріліп отырған үлкен статус. Біздің табиғатымыз үлкен халықаралық деңгейде қорғау мәселесіне кіріп жатыр.

Дата обновления 06.04.2017 в 10:41

Дереккөз: www.24.kz

1f7d9b39eac8130f127575166e9d9ad5_l

Оңтүстік Кореяда күнделікті тұрмыста тек күн мен желдің қуатын ғана пайдаланатын елді мекен бар. Капа аралында баламалы энергия көзін өндіретін заманауи құрылғылар орнатылған.

Чечжу – Оңтүстік Кореяның ең ірі аралы және ең танымал шипажайы. Ал Чечжудо провинциясы таңғы самал елінің экологиялық таза аймағына айналды. Осы мекенде Оңтүстік Кореяда пайдаланатын электромобильдердің елу пайызы, яғни бес мың көлік көшеде жолаушылар тасып жүр.

Пак Чхоль Су, жел қуаты халықаралық орталығының директоры:

– Чечжудо желді аймақ саналады, сондықтан провинциямыздың бес ауданында жел генераторлары орнатылған. Олар энергетикалық сұраныстың жиырма пайызын қамтамасыз етеді. Екі мың отызыншы жылға дейін біз баламалы қуат көзін толығымен өтейміз.

Капа аралы Чечжуден алыс емес. Осы жобаға 12,5 млн доллардан астам қаржы жұмсалып, 250 килловатты екі жел турбинасы және 174 килловатты өндіретін 50 күн батареясы қойылған. Осы энергия аралдағы бүкіл ғимараттарды қамтамасыз етеді. Ал жел мен күн қуатын арнайы жүйе бөліп таратады.

Владислав Цой  Twitter@vladislav_tsoy:

– Капа аралының аумағы бір шаршы километрге де жетпейді, бірақ Кореяның ең экологиялық таза аралы саналады. Тіпті егін егу науқаны кезінде де диқандар улы химикаттарды пайдаланбайды.

Хван Ву Хён, Корея электроэнергетикалық корпорация аймақ бөлімінің басшысы:

– Капа аралының аумағы бір шаршы километрден аз. Үш жүз тұрғыны ғана бар. Алайда туристер саны көп. Сондықтан станциялардың қуаты жетпей, біз дизель генераторын қосамыз. 2020 жылға дейін біз тек жел және күн энергиясын пайдалануға мүдделіміз.

Жергілікті тұрғындар балық шаруашылығымен айналысады, арпа өсіреді және туристік саласында жұмыс істейді. Олардың үйлерінде күн батареялары тегін орнатылған. Бұл қондырғы 77 жастағы зейнеткер Пек Ин Щиктін үйінде он жылдан бері тұр.

Пек Ин Щик, Капа аралының тұрғыны:

– Электр энергиясына ақшам көп кетпейді. Баяғыда жарыққа айына алпыс-жетпіс доллар төлейтінмін, ал қазір бес доллар ғана берем.

Капа тәжірибесі басқа оңтүстіккореялық аралда да қолданылады. Бұл елдің халықаралық міндеттемесі, Париж келісімін орындауға мүмкіндік береді. Яғни Оңтүстік Корея 2030 жылға дейін көмірқышқыл газын 37 пайызға қысқартуға мәжбүр.

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён

Дата обновления 31.03.2017 в 11:43

Дереккөз: www.24.kz

c944ae28ffbad536edf04c349cee4509_l

Орталық Азия елдері денсаулық сақтау және экология саласындағы түйіткілді мәселелерді бірлесе шешпек.

Осыған орай Алматыда «Қоршаған орта және денсаулық» атты аймақтық кездесу басталды. Жиынға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, Орталық Азия елдеріндегі экология саласының мамандары және отандық ғалымдар қатысып жатыр.

Сарапшылардың мәліметінше, Орталық Азиядағы экологияға табиғи ресурстардың сарқылуы, зиянды заттардың көбеюі және ауызсу сапасының төмендігі әсер етуде. Еліміздегі экологиялық жағдайды бақылау үшін арнайы атлас жасалған. Нәтижесінде, қазақ жерінің 70 пайызы жарамсыз екені анықталды. Ендігі мәселе – құнары азайып бара жатқан жерлерді қайта қалпына келтіру. «Экологиясы нашар аймақтардағы тұрғындардың денсаулығына көңіл аудару керек», – дейді сарапшылар.

Құралай Кәрібаева, Экология және орнықты даму институтының директоры:

– Жерді тозудың 70 пайызға жеткеніне экологиялық атлас жасады. Соның бүгінгі күні қай сатыда екеніне ауыл шаруашылығы үкіметтен қаржы бөліп, биылдан бастап осы Қазақстанның бүкіл жер ресурсын қайтадан картаға түсірейін деп жатыр.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері экономикасы дамыған Еуропа елдерінің өзінде ауызсудың нашарлығынан және қоршаған ортаның ластануынан жыл сайын 600 мың адам көз жұмады дейді. Сондықтан көптеген ел баламалы энергияны қолға алып жатыр.

Элизабет Паунович, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілі:

– Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінгі күні 1,4 млн ауру қоршаған ортаның ластануынан туындап отыр. Мұнымен қоса ауызсу мәселесі де көптеген елде шешілмей отыр.

Ғалымдар бас қосқан жиында қоршаған ортаны қорғау арқылы адамдардың өмір сүру көрсеткішін арттыру жолдары талқыланбақ.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев

Дата обновления 31.03.2017 в 11:43

Страница 1 из 1612345...10...Последняя »

Все права защищены © 2017. All Rights Reserved.