Размер шрифта - 100% +

Конвенция мәтіні

Дата обновления 12.08.2016 в 11:49

Ақпаратқа кiру, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы конвенцияны бекiту туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 қазан N 92-II

“Егемен Қазақстан” 2000 жылғы 28 қазан N 267


Орхуста (Дания) 1998 жылғы 25 маусымда жасалған Ақпаратқа кiру,шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортағақатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы конвенция бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының Президентi

Ақпаратқа кiру, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың

қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот

әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы

КОНВЕНЦИЯ

Осы Конвенцияның Тараптары, адамды қоршаған орта проблемалары жөнiндегi 1 Стокгольм декларациясының принципiне сүйене отырып, сондай-ақ қоршаған орта және даму жөнiндегi 10 Рио-де-Женейро принципiне сүйене отырып,

одан әрi Бас Ассамблеяның Бүкiлдүниежүзiлiк табиғат хартиясы туралы 1982 жылғы 28 қазандағы 37/7 және адамдардың әл-ауқатын арттыру мүдделерiнде салауатты қоршаған ортаны қамтамасыз ету қажеттiгi туралы 1990 жылғы 14 желтоқсандағы 45/94 қарарларына сүйене отырып, 1989 жылғы 8 желтоқсанда Германияның Майндағы Франкфуртында Бүкiлдүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының “Қоршаған орта және денсаулық” бiрiншi Еуропа конференциясында қабылданған қоршаған орта және денсаулық жөнiндегi Еуропа хартиясына сүйене отырып, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, оның жай-күйiн жақсарту, тұрақты және экологиялық жағынан қауiпсiз дамуды қамтамасыз ету қажеттiгiн растай отырып, адамның әл-ауқатын қамтамасыз ету және өмiр сүруге құқықтың өзiн қоса алғанда, адамның негiзгi құқықтарын жүзеге асыру үшiн қоршаған ортаны барабар қорғау қажеттiгiн мойындай отырып, сондай-ақ әрбiр адамның өз денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн қолайлы қоршаған ортада өмiр сүруге құқығы бар екенiн, жеке-дара да, сол секiлдi басқалармен ынтымақтастықта да қазiргi және болашақ ұрпақтардың игiлiгiне қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға мiндеттi екенiн мойындай отырып, осы құқықты қорғаудың және осы мiндеттi орындаудың мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында азаматтар экологиялық ақпаратқа қолы жетуге, шешiмдер қабылдау процесiне қатысу құқығы болуға және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қолы жетуге тиiс деп есептей отырып және осыған байланысты азаматтарға өз құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажеттi көмек көрсетiлуi мүмкiн екенiн мойындай отырып, қоршаған ортаға қатысты мәселелерде ақпаратқа қол жеткiзудi және шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуын жетiлдiру қабылданатын шешiмдердiң және оларды жүзеге асыру процесiнiң сапасын арттыратынын, экологиялық проблемалар туралы хабардарлықты жақсартуға жәрдемдесетiнiн, жұртшылықтың өз алаңдаушылығын бiлдiруiне мүмкiндiк жасайтынын, мемлекеттiк органдарға мұндай мүдделердiң лайықты есебiн жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiнiн мойындай отырып, сөйтiп, есеп жүргiзудi және шешiмдер қабылдау процесiнiң ашықтығын күшейтуге және қоршаған орта саласындағы шешiмдердi жұртшылықтың қолдауын күшейтуге жәрдемдесуге ұмтыла отырып, мемлекеттiк басқарудың барлық тармақтарында ашықтықтың қажеттiгiн мойындай отырып және өз жұмысында осы Конвенцияның принциптерiн жүзеге асыруды заң органдарына ұсына отырып, сондай-ақ жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысу рәсiмдерi туралы хабардар болуға, оларды еркiн алуға және оларды қалай пайдалануды бiлуге тиiс екенiн мойындай отырып, қоршаған ортаны қорғауда жекелеген азаматтар, үкiметтiк емес ұйымдар мен жеке сектор атқара алатын тиiстi рольдердiң маңызды мәнiн одан әрi мойындай отырып, қоршаған ортамен және тұрақты дамумен байланысты процестердi түсiнудi тереңдету мақсатында экологиялық ағартуға жәрдемдесу, қоршаған ортаға және тұрақты дамуға ықпал жасайтын шешiмдер туралы жұртшылықтың кеңiнен хабардар болуын және оның мұндай шешiмдер қабылдау процесiне қатысуын көтермелеп отыру қажет деп есептей отырып, осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарын және электронды немесе болашақта пайда болатын басқа да байланыс құралдарын пайдаланудың маңызды ролiн атап өте отырып, үкiметтiк деңгейде шешiмдер қабылдау кезiнде экологиялық пайымдардың толық есепке алынуының маңызды мәнiн және осыдан туындайтын мемлекеттiк органдарда дәл, жан-жақты және жаңа экологиялық ақпарат болу қажеттiгiн мойындай отырып, мемлекеттiк органдардың жұртшылықтың мүдделерiне сай экологиялық ақпаратқа ие болатынын мойындай отырып, тиiмдi сот механизмдерi заңды мүдделерiн қорғауды және заңды қолдануды қамтамасыз ету мақсатында ұйымды қоса алғанда, жұртшылық үшiн алуға жеңiл болуға тиiс деп есептей отырып, тұтынушыларға қоршаған ортаны қорғаудың мүдделерiн ескере отырып негiзi бар таңдау жасау мүмкiндiгiн беру үшiн өнiмдер туралы тиiстi ақпарат берудiң маңыздылығын атап өте отырып, қоршаған ортаға генетикалық өзгерiске түскен организмдердiң қасақана жiберiлуiне байланысты жұртшылықтың алаңдауын, ашықтықты арттыру және бұл саладағы шешiмдердiң қабылдану процесiне жұртшылықтың көбiрек қатысуы қажеттiгiн мойындай отырып, осы Конвенцияны жүзеге асыру Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Еуропа экономикалық комиссиясы (ЕЭК) аймағында демократияны нығайтуға жәрдемдесетiн болатынына сенiмдi бола отырып, ЕЭК осыған байланысты атқаратын рольдi мойындай отырып және атап айтқанда, Болгарияда, Софияда 1995 жылғы 25 қазанда “Еуропа үшiн қоршаған орта” үшiншi Министрлер конференциясында қабылданған, Министрлер декларациясында мақұлданған экологиялық ақпаратқа қол жеткiзудi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешiмдердi қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету жөнiндегi ЕЭК-ның Басшы принциптерiне сүйене отырып, 1991 жылғы 25 ақпанда Финляндияда, Эспода қабылданған Аралық шекара контексiндегi қоршаған ортаға ықпал етудi бағалау туралы конвенцияның, Өнеркәсiп аварияларының аралық шекара ықталы туралы конвенцияның және 1992 жылғы 17 наурызда Хельсинкиде қабылданған аралық шекара су ағыстары мен халықаралық көлдердi қорғау және пайдалану жөнiндегi конференцияның,

сондай-ақ басқа да аймақтық конференциялардың тиiстi ережелерiн назарға ала отырып, осы Конвенцияны қабылдау “Еуропа үшiн қоршаған орта” процесiн одан әрi нығайтуға және 1998 жылғы маусымда Данияда, Орхуста өткен төртiншi Министрлер конференциясы қорытындыларын дамытуға жәрдемдесетiнiн түсiне отырып,мына төмендегiлер туралы уағдаласты:

     1-бап.Мақсат

         Қазiргi және болашақ ұрпақтардың әрбiр адамының оның денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн қолайлы қоршаған ортада өмiр сүру құқығын қорғауға жәрдемдесу үшiн әрбiр Тарап осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау

процесiне қатысуы, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу құқығына кепiлдiк бередi.

     2-бап. Анықтамалар

          Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:

     1. “Тарап”, егер мәтiнде өзгеше нұсқау болмаса, осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабын бiлдiредi.

     2. “Мемлекеттiк орган”:

     а) ұлттық, аймақтық және басқа деңгейдегi әкiмшiлiктi;

b) қоршаған ортаға қатысы бар нақты мiндеттердi, қызметтi немесе қызметтер көрсетудi қоса алғанда, ұлттық заңдарға сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк функцияларды атқаратын жеке немесе заңды тұлғаларды;
с) мемлекеттiк мiндеттердi немесе функцияларды атқаратын немесе жоғарыда а) немесе b) тармақшаларында аталған органның немесе адамның бақылауымен қоршаған ортаға қатысы бар қызметтердi халыққа көрсететiн кез келген басқа жеке немесе заңды тұлғаларды;
d) осы Конвенцияның Тарабы болып табылатын, 17-бапта аталған экономикалық интеграцияның кез келген аймақтық ұйымының мекемесiн бiлдiредi.
Бұл анықтама сот немесе заң шығарушы ретiнде әрекет ететiн органдарды немесе мекемелердi қамтымайды.
3. “Экологиялық ақпарат” жазбаша, аудиокөргi, электронды немесе кез келген өзге де материалдық нысанда мынау туралы жазылған кез келген ақпаратты бiлдiредi:
а) ауа және атмосфера, су, топырақ, жер, ландшафт және табиғи объектiлер секiлдi қоршаған орта элементтерiнiң жай-күйi, генетикалық жағынан өзгертiлген организмдердi қоса алғанда, биологиялық алуан түрлер мен оның компоненттерi және осы элементтер арасындағы өзара әрекет;
b) заттар, энергия, шу және сәулелену секiлдi факторлар, сондай-ақ, әкiмшiлiк шараларды қоса алғанда, қызмет немесе шаралар, қоршаған орта саласындағы келiсiмдер, саясат, заңдар, жоғарыда а) тармақшасында қамтылған қоршаған орта элементтерiне ықпал жасайтын немесе ықпал жасауға қабiлеттi жоспарлар мен бағдарламалар, шығындар мен нәтижелердiң талдамасы және басқа да экономикалық талдау және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдаған кезде пайдаланылған жорамалдар;
с) адамдардың денсаулығы мен қауiпсiздiгiнiң жай-күйi, адамдар өмiрiнiң жағдайлары, мәдениет объектiлерiнiң және үйлер мен ғимараттардың жай-күйi, олардың әрқайсысына қоршаған орта элементтерiнiң жай-күйi ықпал ететiнi немесе ықпал ете алатыны немесе осы элементтер арқылы жоғарыда
b) тармақшасында айтылған факторлар, қызмет немесе шаралар.
4. “Жұртшылық” ұлттық заңдарға және олардың қауымдастығы, ұйымы

немесе тобы практикасына сәйкес бiр немесе бiреуден көп жеке немесе заңды

тұлғаны бiлдiредi.

     5. “Мүдделi жұртшылық” қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша

шешiмдер қабылдау процесiмен қозғалатын немесе қозғалуы мүмкiн, немесе бұл

процесте мүдделiлiгi бар жұртшылықты бiлдiредi; осы анықтаманың мақсаттары

үшiн қоршаған ортаға жәрдемдесушi және ұлттық заңдармен қойылатын кез

келген талаптарға сай келетiн үкiметтiк емес ұйымдар мүдделiлiгi бар

ұйымдар деп есептеледi.

    3-бап.Жалпы ережелер

          1. Әрбiр Тарап осы Конвенцияның ақпаратқа, жұртшылықтың қатысуына және сот әдiлдiгiне қол жеткiзуге қатысты ережелерiн жүзеге асыру тәртiбiн регламенттейтiн ережелердiң бiрлесуiне жету жөнiндегi шараларды қоса алғанда, қажеттi заңдық, регламенттеушi және басқа шаралар, осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру үшiн айқын, ашық және келiсiлген құрылым құру және оны ұстау үшiн олардың қолданылуын қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi шаралар қолданады.       2. Әрбiр Тарап лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдардың жұртшылыққа көмек көрсетуiн және ақпарат алуда, оның шешiмдер қабылдау процесiне қатысуын жеңiлдетуде және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзуде оған бағдар беруiн қамтамасыз етуге ұмтылады.       3. Әрбiр Тарап экологиялық ағартуға және қоршаған орта туралы, әсiресе ақпарат алуға, шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзуге қатысты жұртшылықтың хабардарлық деңгейiн арттыруға жәрдемдеседi.       4. Әрбiр Тарап қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесушi бiрлестiктердiң, ұйымдардың немесе топтардың тиiсiнше танылуын қамтамасыз етедi және оларға тиiстi қолдау көрсетедi және өзiнiң ұлттық құқықтық жүйесiнiң осы мiндеттемеге сәйкес келуi қамтамасыз етедi.       5. Осы Конвенцияның ережелерi қайсы бiр Тараптың ақпаратқа неғұрлым кеңiрек қол жеткiзiлуiн, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың неғұрлым белсендi қатысуын және осы Конвенцияда көзделгендей қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне неғұрлым кеңiрек қол жеткiзiлуiн көздейтiн шараларды жүзеге асыруды жалғастыру немесе енгiзу құқығын қозғамайды.       6. Осы Конвенция экологиялық ақпаратқа енуге, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуына және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қол жеткiзуге қолданылып жүрген құқықтарды қандай да бiр әлсiретудi қажет етпейдi.       7. Әрбiр тарап қоршаған ортаға қатысты шешiмдер қабылдаудың халықаралық принциптерiне және қоршаған ортаға қатысты мәселелерде халықаралық ұйымдар шеңберiнде осы Конвенцияның принциптерi қолданылуына жәрдемдеседi.       8. Әрбiр Тарап осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес өз құқықтарын жүзеге асыратын адамдар өз қызметi үшiн жазаға, қуғындауға және кез келген нысанда қысымға ұшырамауын қамтамасыз етедi. Осы ереже ұлттық соттардың сот шығындарына байланысты ақылға сыйымды шығыстарды жабу туралы қаулы шығару өкiлеттiгiн қозғамайды.       9. Осы Конвенцияның тиiстi ережелерi шеңберiнде азаматтық, қай ұлтқа жататындығы немесе тұрғылықты жерi белгiлерi бойынша кемсiтусiз және заңды тұлға жағдайында, оның тiркелген жерi немесе iс жүзiндегi қызмет орталығы белгiлерi бойынша кемсiтусiз, жұртшылық ақпаратқа қол жеткiзедi, шешiмдер қабылдау процесiне қатысу мүмкiндiгiне ие болады және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзедi.

 

   4-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу       1. Әрбiр Тарап осы баптың келесi тармақтарын сақтау жағдайында мемлекеттiк органдар экологиялық ақпарат беру туралы өтiнiшке жауап ретiнде, ұлттық заңдар нормаларын ескере отырып, сауал болған кезде және төмендегi b) тармағына сәйкес, мұндай ақпараттан тұратын немесе оны қамтитын iс жүзiндегi құжаттаманың көшiрмесiн қоса алғанда, жұртшылыққа мұндай ақпарат беруiн қамтамасыз етедi:       а) өз мүдделiлiгiн тұжырымдаудың қажеттiлiгiнсiз;       b) сұрау салынған нысанда, егер тек:       i) мемлекеттiк органда оны басқа нысанда беруге негiздер болмаса, мұндай жағдайда ол осындай нысанда ақпарат берiлуiн ақтайтын себептердi көрсетуге тиiс; немесе       ii) ақпарат жұртшылыққа басқа нысанда берiлмеген болса.       2. Жоғарыда 1-тармақта айтылған экологиялық ақпарат, егер тиiстi ақпараттың тек көлемi мен күрделiлiгi бұл кезеңдi өтiнiш берiлгеннен кейiн екi айға дейiн ұзартуды ақтамайтын болса, барынша қысқа мерзiмде, бiрақ өтiнiш берiлгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей берiледi. Бұл кезеңнiң кез келген ұзартылуы туралы және мұндай шешiм қабылдануын ақтайтын себептер туралы өтiнiш берушi хабардар етiледi.       3. Егер:       а) өтiнiш жiберiлген мемлекеттiк органда сұрау салынған экологиялық ақпарат болмаса;       b) өтiнiш анық негiзсiз болып табылса немесе тым жалпылама түрде тұжырымдалса; немесе       с) өтiнiш әзiрлеудiң ақырғы кезеңiнде, немесе мемлекеттiк органдардың iшкi хат жазысуларында және олардың арасында тұрған, ұлттық заңдарда немесе қалыптасқан практикада мұндай жағдай көзделген материалдарға қатысты болса, экологиялық ақпарат беру туралы өтiнiштен бас тартылуы мүмкiн, бұл орайда жұртшылықтың мұндай ақпарат алуға мүдделiлiгi ескерiледi.       4. Егер мұндай ақпаратты жария ету мыналарға терiс ықпал ететiн болса, экономикалық ақпарат беру туралы өтiнiштен бас тартылуы мүмкiн:       а) мұндай құпиялық ұлттық заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдар жұмысының құпиялылығына;       b) халықаралық қатынастарға, ұлттық қорғанысқа немесе мемлекет қауiпсiздiгiне;       с) сот әдiлдiгiн жасауға, адамдардың әдiлеттi сот тергеуiне ұшырау мүмкiндiгiне немесе мемлекеттiк органдардың қылмыстық немесе тәртiптiк сипаттағы тергеу жүргiзу қабiлетiне;       d) заңды экономикалық мүдделердi қорғау мақсатында мұндай құпиялылық заңмен қорғалатын жағдайларда коммерциялық және өнеркәсiптiк ақпараттың құпиялылығына. Бұл шеңберде қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығарылып тасталған қалдықтар туралы ақпарат ашып көрсетiлуге тиiс;       е) интеллектiлiк меншiк құқықтарына;       f) ұлттық заңдардың ережелерiне сәйкес жұртшылыққа мұндай ақпарат беруге тиiстi адам келiсiм бермеген кезде жеке адамға қатысты жеке деректердiң және/немесе мұрағаттардың құпиялылығына;       g) егер бұл тарап бұлайша әрекет жасауға құқықтық мiндеттемемен байланысты болмаса, немесе егер бұл тарапқа мұндай мiндеттеме жүктелуi мүмкiн болмаса және бұл тарап материалды жария етуге келiсiм бермесе, сұрау салынған ақпаратты берген үшiншi тараптың мүдделерiне; немесе       h) осы ақпарат қатысты қоршаған ортаға, мысалы, сирек кездесетiн түрлердiң өсiп-өнетiн орындарына.       Бас тарту үшiн жоғарыда аталған негiздемелер осы ақпараттың ашылуына жұртшылықтың мүдделiлiгi ескерiле отырып және сұрау салынған ақпараттың қоршаған ортаға қалдықтар шығарып тастауға қатысы бар-жоғы ескерiле отырып шектеулi түсiндiрiледi.       5. Мемлекеттiк органда сұрау салынған экологиялық ақпарат болмаған жағдайларда, бұл мемлекеттiк орган барынша қысқа мерзiмде ақпарат беру туралы өтiнiш жасауға болады деп есептеген мемлекеттiк орган туралы өтiнiш берушiнi хабардар етедi немесе бұл өтiнiштi сондай органға бередi және тиiстi түрде бұл туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.       6. Жоғарыдағы 3 с) және 4-тармақтарға сәйкес ашып көрсетiлуге жатпайтын ақпарат ақпараттың құпиялылығы үшiн нұқсан келтiрмей басқа ақпараттан бөлiп алынуы мүмкiн болған жағдайларда, мемлекеттiк органдар сұрау салынған экологиялық ақпараттың қалған бөлiгiн беруiн әрбiр Тарап қамтамасыз етедi.       7. Егер ақпарат беру туралы өтiнiш жазбаша түрде жiберiлсе немесе егер өтiнiш берушi бұл туралы өтiнсе, онда бас тарту да жазбаша түрде берiледi. Бас тартуда оның себептерi көрсетiледi және 9-бапқа сәйкес қабылданған шешiмдi қарау рәсiмiне қол жеткiзу туралы тиiстi ақпарат келтiрiледi. Егер ақпараттың күрделiлiгi ғана өтiнiш берiлген кезден бастап екi айға дейiн бұл мерзiмдi ұзартуды ақтамайтын болса, ақпарат беру туралы өтiнiштен бас тарту барынша қысқа мерзiмде, бiрақ бiр айдан кешiктiрмей берiледi. Өтiнiш берушi бұл мерзiмнiң кез келген ұзартылуы және оның себептерi туралы хабардар етiледi.       8. Әрбiр Тарап бұл төлем ақылға сыйымды деңгейден аспайтын жағдайда ақпарат бергенi үшiн төлемақы өндiрiп алуға өз мемлекеттiк органдарына рұқсат етуi мүмкiн. Берiлген ақпарат үшiн төлемақы өндiрiп алғысы келетiн мемлекеттiк органдар алым өндiрiп алуды көздейтiн немесе оларды төлеуден босататын мән-жайларды және мұндай алымды алдын ала төлеу жағдайында ақпарат берiлетiн жағдайларды көрсете отырып, алымдар өндiрiп алынуы мүмкiн ставкалардың тарифтерiн өтiнiштер берушiлерге хабарлайды.

     5-бап. Экологиялық ақпарат жинау және тарату       1. Әрбiр Тарап:       а) мемлекеттiк органдардың өздерiнiң функцияларына қатысы бар экологиялық ақпаратқа ие болуын және оны жаңғыртып отыруын;       b) жоспарланған және жүзеге асырылатын, қоршаған ортаға едәуiр ықпал ете алатын қызмет туралы ақпараттың мемлекеттiк органдарға тиiстi дәрежеде түсуiн қамтамасыз ету үшiн мiндеттi жүйелер құрылуын;       с) адам қызметiнiң нәтижесiнде және табиғи сипаттағы себептер бойынша адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға кез келген қатер төнген жағдайда осындай қатерге байланысты туындайтын залалдың зардаптарын болдырмау немесе жеңiлдету үшiн жұртшылықтың шаралар қолдануына мүмкiндiк беретiн, мемлекеттiк органның қолында бар барлық ақпарат әлеуеттi қатер төнген қоғам мүшелерiнiң арасында дереу және кiдiрiссiз таралуын қамтамасыз етедi.       2. Әрбiр Тарап ұлттық заңдар шеңберiнде мемлекеттiк органдардың жұртшылыққа ақпарат беру рәсiмдерi түсiнiктi болуын және экологиялық ақпарат оңай жолмен алынуын, оның iшiнде:       а) тиiстi мемлекеттiк органдардың иелiгiндегi экологиялық ақпараттың түрi және қамтылуы туралы және мұндай ақпарат берудiң мүмкiндiгiн айқындайтын негiзгi шарттар және оған қол жеткiзу туралы, оны алудың процесi туралы жұртшылыққа жеткiлiктi ақпарат берiлуiн;       b) мұндай практикалық шаралардың ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуын;       i) тiзiмдердi, тiзiлiмдердi немесе мұрағаттарды жұртшылықтың алуын қамтамасыз етудi;       ii) осы Конвенцияға сәйкес ақпарат алуда жұртшылыққа қолдау жасаудағы лауазымды адамдардың мiндеттерiн белгiлеудi; және       с) жоғарыдағы b) i) тармақшасына сәйкес тiзiмдердегi, тiзiлiмдердегi немесе мұрағаттардағы бар экологиялық ақпаратты тегiн берудi қамтамасыз етедi.       3. Әрбiр Тарап байланыстың көпшiлiкке арналған тораптары арқылы жұртшылықтың алуына жеңiл электронды деректер базаларындағы экологиялық ақпарат көлемiнiң бiртiндеп ұлғайтылуын қамтамасыз етедi. Мұндай нысанда алынатын ақпарат мыналарды қамтуға тиiс:       а) төменде 4-тармақта аталған қоршаған ортаның жай-күйi туралы баяндамалар;       b) қоршаған орта немесе бұған қатысы бар мәселелер жөнiндегi заң актiлерiнiң мәтiндерi;       с) тиiстi жағдайларда, саясат мәселелерi жөнiндегi құжаттар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы немесе оған қатысты жоспарлар мен бағдарламалар, сондай-ақ табиғат қорғау келiсiмдерi; және       d) мұндай ақпарат электронды нысанда болған жағдайда, мұндай нысандағы аталған ақпараттың болуы осы Конвенцияны жүзеге асыру жөнiнде ұлттық заңдардың қолданылуын жеңiлдететiн басқа ақпарат.       4. Әрбiр Тарап үш немесе төрт жылдан аспайтын жүйелi аралықтарда, қоршаған ортаның сапасы туралы ақпаратты және қоршаған ортаға жүктеме туралы ақпаратты қоса алғанда, қоршаған ортаның жай-күйi туралы ұлттық баяндаманы жариялап, таратады.       5. Әрбiр Тарап өз заңдары шегiнде тарату мақсаттарында мынадай шаралар қолданады, атап айтқанда:       а) заң актiлерi мен стратегия ретiндегi директивалық құжаттар, саясат мәселелерi жөнiндегi құжаттар, қоршаған орта саласындағы iс-әрекеттердiң бағдарламалары мен жоспарлары және мемлекеттiк басқарудың түрлi деңгейлерiнде әзiрленген оларды жүзеге асырудың барысы туралы баяндамалар;       b) қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөнiндегi халықаралық шарттар, конвенциялар мен келiсiмдер; және       с) тиiстi жағдайларда қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөнiндегi басқа маңызды құжаттар.       6. Әрбiр Тарап қызметi қоршаған ортаға елеулi ықпал жасайтын операторларды көтермелеп отырады, олардың қызметi мен өнiмдерiнiң қоршаған ортаға әсерi туралы жұртшылыққа үнемi хабарлайды, мұны, тиiстi жағдайларда ерiктi түрде экотаңбалау жүйелерiн және экологиялық сараптаманы пайдалану шеңберiнде немесе басқа құралдардың көмегiмен жасайды.       7. Әрбiр Тарап:       а) экологиялық саясат мәселелерi бойынша мейлiнше елеулi ұсыныстар әзiрлеу үшiн өзi орынды және маңызды деп есептейтiн iс жүзiндегi ақпаратты және оған жасалған талдауды жариялайды;       b) осы Конвенцияның қолданылу аясына кiретiн мәселелер бойынша жұртшылықпен өз байланыстары туралы қолдағы түсiндiрме материалды жариялайды немесе оны басқаша түрде алуды қамтамасыз етедi; және       с) мемлекеттiк органдардың барлық деңгейлерде мемлекеттiк функцияларды орындауы туралы немесе қоршаған ортаға қатысы бар халыққа қызметтер көрсету туралы ақпаратты тиiстi нысанда бередi.       8. Әрбiр Тарап қоршаған ортаны қорғаудың мүдделерiн ескере отырып, тұтынушыларға негiздi талдау жасауға мүмкiндiк беру үшiн өнiмдер туралы жеткiлiктi ақпараттың жұртшылыққа берiлуiн қамтамасыз ету мақсатында тетiктер әзiрлейдi.       9. Әрбiр Тарап есеп берудiң стандартталған жүйесiн пайдалану арқылы жасалған, құрылымға келтiрiлген, компьютерлендiрiлген және жұртшылық үшiн алуға жеңiл деректер базасын пайдалана отырып кадастрлардың немесе ластану регистрлерiнiң келiсiлген жалпыұлттық жүйесiн, халықаралық деңгейде жүзеге асырылатын процестердi тиiстi дәрежеде ескере отырып, бiртiндеп қанат жаю жөнiнде шаралар қолданады. Мұндай жүйе қызмет түрлерiнiң нақты шеңберiн, заттар мен өнiмдердiң белгiлi бiр қатарын жүзеге асыру кезiнде, оның iшiнде қоршаған ортаның түрлi салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсiп объектiлерi шеңберiнде немесе олардан тысқары өңдеу мен қалдық тастау учаскелерiндегi суды, энергия мен ресурстарды пайдалану кезiндегi түсулер, бөлу және ауыстыру туралы деректердi қамтуы мүмкiн.       10. Осы бапта ештеңе де 4-баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерiне сәйкес белгiлi бiр экологиялық ақпаратты ашудан бас тарту Тараптардың құқығына нұқсан келтiре алмайды.

      6-бап.Қызметтiң нақты түрлерi бойынша шешiмдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы       1. Әрбiр Тарап:       а) I Қосымшада аталған қызметтiң жоспарланған түрлерiн шешудiң орындылығы туралы мәселе бойынша шешiмдерге қатысты осы баптың ережелерiн қолданады;       b) өзiнiң ұлттық заңдарына сәйкес, сондай-ақ I қосымшада аталмаған, қоршаған ортаға едәуiр ықпал жасай алатын қызметтiң ұсынылған түрлерi бойынша шешiмдерге осы баптың ережелерiн қолданады. Осы мақсатта Тараптар қызметтiң мұндай түрi осы ережелермен қамтылатынын айқындайды; және       с) егер бұл ұлттық заңдарда көзделетiн болса, егер бұл Тарап мұндай қолдану бұл мақсаттарға терiс әсер етедi деп есептесе, ұлттық қорғаныс мақсаттарына қызмет ететiн жоспарланған қызметке осы баптың ережесiн қолданбауға әрбiр нақты жағдайда шешiм қабылдай алады.       2. Мүдделi жұртшылық мән-жайларға байланысты не көпшiлiкке хабарлау арқылы, не қоршаған ортаға қатысты мәселелердi қабылдау рәсiмiнiң ең бастапқы кезеңiнде, оның iшiнде мынау туралы барабар, уақытылы және тиiмдi түрде хабардар етiледi:       а) қызметтiң жоспарланған түрi және шешiм қабылданатын мәселе бойынша өтiнiм;       b) ықтимал шешiмдердiң сипаты немесе шешiмнiң жобасы;       с) шешiм қабылдауға жауапты мемлекеттiк орган;       d) мұндай ақпарат қалайша және қашан берiлуi мүмкiн екенiн қоса алғанда, қаралатын рәсiм;       i) рәсiмдi жүзеге асырудың басталуы туралы;       ii) жұртшылықтың қатысуы үшiн жасалатын мүмкiндiктер туралы;       iii) кез келген жоспарланған көпшiлiк тыңдаудың уақыты мен орыны туралы;       iv) тиiстi ақпарат алуға болатын мемлекеттiк органның бар екенi туралы және жұртшылықтың қарауы үшiн тиiстi ақпарат қайда берiлгенi туралы;       v) тиiстi мемлекеттiк органның немесе ескертпелер немесе мәселелер берiлуi мүмкiн кез келген басқа ресми органның бар екенi туралы және ескертпелердi немесе мәселелердi беру мерзiмдерi туралы; және       vi) қызметтiң жоспарланған түрiне қатысты қандай экологиялық ақпарат қолда бар екенi туралы; және       е) қоршаған ортаға ықпал етудi бағалаудың ұлттық және аралық шекаралық рәсiмiмен қызметтiң осы түрiн қамту.       3. Жұртшылықтың қатысу рәсiмдерi түрлi кезеңдердi жүзеге асырудың ақылға сыйымды мерзiмiн қамтиды, олар жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуын әзiрлеу мен оның тиiмдi қатысуы үшiн жеткiлiктi уақытты қамтамасыз етедi.       4. Әрбiр Тарап түрлi нұсқаларды қарау үшiн барлық мүмкiндiктер ашық болатын және жұртшылықтың тиiмдi қатысуын қамтамасыз ету мүмкiн болатын ең бастапқы кезеңде жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етедi.       5. Әрбiр Тарап, қажеттi жағдайларда, жұртшылықтың мүдделi топтарын анықтауға рұқсат алу нысанына өтiнiм берер алдында әлеуеттi өтiнiш берушiлердi көтермелеп отырғаны, талқылау өткiзгенi және өздерiнiң өтiнiмдерiнiң мақсаттарына қатысты ақпарат бергенi жөн.       6. Әрбiр Тарап құзыреттi мемлекеттiк органдардан жұртшылықтың мүдделi топтарына олардан сұрау алынуы бойынша ұлттық заңдарға сәйкес бұл талап етiлетiн жерде осы бапта аталған шешiмдердi қабылдау процесiне қатысты және жұртшылықтың қатысу рәсiмiн жүзеге асыру кезiнде иелiгiнде болған барлық ақпаратты тегiн алуды, Тараптардың құқықтарына залал келтiрмей оны түсу бойынша зерделеу мақсатында 4-баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес белгiлi бiр ақпаратты ашудан бас тартуды талап етедi. Тиiстi ақпарат ең болмағанда 4-баптың ережелерiне залал келтiрмей мыналарды:       а) өнеркәсiп объектiсiнiң сипатын, болжанған қалдықтар мен тастандыларды бағалауды қоса алғанда, ұсынылған қызметтiң физикалық және техникалық сипаттамаларын;       b) қоршаған ортаға жоспарланған қызметтiң едәуiр ықпалының сипаттамасын;       с) шығарып тасталған қалдықтарды қоса алғанда, ықпал етудi болдырмау және/немесе азайту үшiн көзделген шаралардың сипаттамасын;       d) жоғарыда аталғанның техникалық емес қорытындысы;       е) өтiнiм берушi қарастырған негiзгi альтернативтердiң жоспары; және       f) мүдделi жұртшылыққа жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес ақпарат берiлетiн кезде ұлттық заңдарға сәйкес мемлекеттiк органға жiберiлген негiзгi баяндамалар мен ұсыныстарды қамтуға тиiс.       7. Жұртшылықтың қатысу рәсiмдерi жазбаша түрде немесе, қажеттi жағдайларда, мәселенi көпшiлiк алдында тыңдау немесе қарау барысында өтiнiм берушiнiң қатысуымен кез келген ескертпелердi, ақпаратты, талдауды немесе өзi жоспарланған қызметке қатысы бар деп есептейтiн пiкiрлердi беруге мүмкiндiк бередi.       8. Әрбiр Тарап қабылданған шешiмде жұртшылықтың қатысу нәтижелерi тиiстi дәрежеде көрсетiлуiн қамтамасыз етедi.       9. Әрбiр Тарап мемлекеттiк орган шешiм қабылдағаннан кейiн жұртшылық тиiстi рәсiмдерге сәйкес бұл шешiм туралы дереу хабардар етiлуiн қамтамасыз етедi.       10. Әрбiр Тарап, сондай-ақ бұл орынды болған жағдайларда осы баптың 2-9-баптарының ережелерi уt mutatis mutandis қолданылуын қамтамасыз етедi.       11. Әрбiр Тарап өз ұлттық заңдары шеңберiнде қоршаған ортаға генетикалық өзгерген организмдердi әдейi босатуға шешiмдер беруге қатысты шешiмдерге осы баптың ережелерiн мүмкiн болған дәрежеде және тиiсiнше қолданады.

     7-бап. Жоспарларға, бағдарламаларға қатысты мәселелердi шешуге және қоршаған ортамен байланысты саясатқа жұртшылықтың қатысуы       Әрбiр тарап жұртшылыққа қоршаған ортамен байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлеу процесiне ашық та әдiл құрылым шеңберiнде жұртшылықтың қатысуына қатысты тиiстi практикалық және/немесе басқа да ережелердi көздейдi. Осы құрылым шеңберiнде 6-баптың 3, 4 және 8-тармақтары қолданылады. Тиiстi мемлекеттiк орган осы Конвенцияның мақсаттарын ескере отырып осы процеске қатысуы мүмкiн жұртшылықтың шеңберiн айқындайды. Әрбiр Тарап мүмкiндiгiнше қоршаған ортамен байланысты саясатты әзiрлеуге қатысу үшiн жұртшылықтың мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге күш жұмсайды.

     8-бап. Тiкелей атқарушылық күшi бар нормативтiк ережелердi және/немесе көпшiлiк қабылдаған заңдық мiндеттi нормативтiк актiлердi әзiрлеуге жұртшылықтың қатысуы       Әрбiр Тарап таңдау үшiн мүмкiндiк ашық қалып отырған тиiстi кезеңде мемлекеттiк органдардың тiкелей атқарушылық күшi бар нормативтiк ережелердi және қоршаған ортаға елеулi ықпал жасай алатын көпшiлiк жұрт қабылдаған басқа да заңдық мiндеттi ережелердi әзiрлеуiне жұртшылықтың тиiмдi қатысуына күш жұмсайды. Осы мақсатта мынадай шаралар қолданылады:       а) тиiмдi қатысуды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi мерзiм белгiленедi;       b) ережелер жобалары жарияланады және жұртшылыққа өзгеше ретпен берiледi; және       с) жұртшылыққа өкiлдi консультациялық органдар арқылы жасауға мүмкiндiк берiледi.       Жұртшылықтың қатысу нәтижелерi ықтимал дәрежеде ескерiледi.

     9-бап. Сот  әдiлдiгiне қол жеткiзу

1. Әрбiр Тарап өзiнiң ұлттық заңдары шеңберiнде 4-бапқа сәйкес берiлген ақпарат алу туралы өзiнiң өтiнiшi iшiнара немесе толық қаралмады, заңсыз қайтарылды, лайықты дәрежеде қайтарылымды немесе қандай да бiр өзгеше тұрғыда өзiнiң өтiнiшiне арналған баптың ережелерiне сәйкес келмейтiндей көрiнедi деп есептейтiн кез келген адам сотта немесе заңға сәйкес құрылған басқа да тәуелсiз және әдiл органда қабылданған шешiмнiң қаралу рәсiмiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
Мұндай шешiмдi сотта қарау көзделген жағдайларда, Тараптар мемлекеттiк органның қайта қарауы немесе сот болып табылмайтын тәуелсiз және әдiл органның қарауы үшiн барынша аз ақы төлеудi талап ететiн, заңмен белгiленген жылдам рәсiмге мұндай адамның қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
Осы тармаққа сәйкес қабылданған түпкiлiктi шешiмдер тиiстi ақпаратты иеленген мемлекеттiк орган үшiн мiндеттi сипатта болады. Себептер, тiптi болмағанда, осы тармаққа сәйкес ақпарат беру туралы өтiнiш қабылданбайтын жағдайларда жазбаша түрде көрсетiледi.
2. Әрбiр Тарап өз заңдары шеңберiнде:
а) жеткiлiктi, немесе баламалы нұсқа ретiнде мүдделiлiк танытатын;
b) тиiстi Тараптың әкiмшiлiк iс жүргiзу нормаларында көрсетiлген өздерiнiң қандай да бiр құқықтары бұзылды деп есептейтiн жұртшылықтың тиiстi өкiлдерi 6-баптың ережелерiн, мұның өзi көзделетiн және төмендегi 3-тармаққа нұқсан келтiрмей, осы Конвенцияның басқа да тиiстi ережелерiн сақтай отырып, құқықтық және iс жүргiзу тұрғысынан кез келген шешiмнiң заңдылығына дау айту мақсатында қабылданған шешiмдердiң сотта және/немесе заңға сәйкес құрылған басқа да тәуелсiз және әдiл органда қаралу рәсiмiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
Жеткiлiктi мүдделiлiктiң болуы және қайсы бiр құқықтың бұзылуы ұлттық заңдардың ережелерi негiзiнде және осы Конвенция шеңберiнде мүдделi жұртшылықтың сот әдiлдiгiне кеңiнен қолын жеткiзу мақсатына сәйкес айқындалады. Осыған байланысты жоғарыдағы а) тармақшасының мақсаттары үшiн 2-баптың 5-тармағында аталған талаптарға жауап беретiн кез келген үкiметтiк емес ұйымның мүдделiлiгi жеткiлiктi. Жоғарыдағы b) тармақшасының мақсаттары үшiн мұндай ұйымның өз құқықтарының бұзылуы туралы мәлiмдеуге құқығы бар.
Осы 2-тармақтың ережелерi әкiмшiлiк органда алдын ала қарау рәсiмдерiн пайдалану мүмкiндiгiн жоққа шығармайды және ұлттық заңдарда мұндай талап көзделген жағдайларда қараудың сот рәсiмдерiне жүгiнгенге дейiн қараудың әкiмшiлiк рәсiмдерiн сарқа пайдалану туралы талаптарды қозғамайды.
3. Жоғарыдағы 1 және 2-тармақтарда аталған қарау рәсiмдерiмен қатар және оларға нұқсан келтiрмей, әрбiр Тарап, өзiнiң заңдарында, егер олар бар болса, көзделген өлшемдерге сай келетiн жұртшылық өкiлдерi жеке адамдар мен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты ұлттық заңдардың ережелерiн бұзатын әрекеттерiне дау айту үшiн әкiмшiлiк немесе сот рәсiмдерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
4. Рәсiмнiң 1-тармағымен қатар және оған нұқсан келтiрмеу, жоғарыдағы 1, 2 және 3-тармақтарда аталғандар, сот тыйым салуы түрiнде құқықтық қорғау құралдарының қажеттiгiн, әдiл, алалаусыз, дер кезiнде болуды және қол жетпейтiн жоғары шығындармен байланыссыз болуды қоса алғанда, құқық қорғаудың барабар және тиiмдi құралдарын қамтамасыз етуге тиiс. Осы бапқа сәйкес қабылданатын шешiмдер жазбаша түрде шығарылады немесе хаттама жасалады. Жұртшылық соттардың және мүмкiн болған жағдайларда басқа да органдардың шешiмдерiне қол жеткiзедi.
5. Осы бап ережелерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн әрбiр Тарап жұртшылыққа шешiмдердi қараудың әкiмшiлiк және сот рәсiмдерiне қол жеткiзу туралы ақпарат берiлуiн қамтамасыз етедi және сот әдiлдiгiне қол жеткiзудiң қаржылық немесе өзге де кедергiлерiн жою немесе азайту үшiн көмек көрсетудiң тиiстi тетiктерiн құру туралы мәселе қарайды.

      10-бап. Тараптардың кеңесi

1. Тараптардың бiрiншi кеңесi осы Конвенция күшiне енген күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей шақырылады. Егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса немесе Тараптардың кез келген бiреуiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша Еуропа экономикалық комиссиясы Атқарушы хатшысының осы өтiнiшi туралы барлық Тараптар хабардар етiлген күннен бастап алты ай iшiнде оны Тараптардың кемiнде үштен бiрi қолданған жағдайда, Тараптардың одан кейiнгi кезектi кеңестерi, ең болмағанда, әрбiр екi жыл сайын өткiзiледi.
2. Тараптар өз кеңестерiнде Тараптардан үнемi түсiп отыратын ақпарат негiзiнде осы Конвенцияның орындалу барысын тұрақты бақылайды және осы мақсатта:
а) ақпаратқа қол жеткiзуге, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуына және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзуге оларды одан әрi жетiлдiру мақсатымен саясатқа, құқықтық және әдiснамалық көзқарастарға шалуды жүзеге асырады;
b) осы Конвенцияның мақсаттарына қатысты, бiр және одан да көп Тарап қатысушылары болып табылатын екiжақты және көпжақты келiсiмдердi немесе басқа да уағдаласушылықтарды жасасу және орындау саласында иеленген тәжiрибеге қатысты ақпарат алмасады;
с) осы Конвенцияның мақсаттарына жетуге қатысы бар барлық аспектiлердi қарау үшiн қажет болған жағдайда Еуропа экономикалық комиссиясының тиiстi органдарының, сондай-ақ басқа құзыреттi халықаралық органдар мен арнаулы комитеттердiң көрсететiн қызметтерiне иек артады;
d) қажет болған жағдайда кез келген көмекшi органдарды құрады;
е) тиiстi жағдайларда осы Конвенцияға хаттамалар әзiрлейдi;
f) 14-баптың ережелерiне сәйкес осы Конвенцияға түзету енгiзу туралы ұсыныстарды қарап, бекiтедi;
g) осы Конвенцияның мақсаттарына жету үшiн талап етiлетiн кез келген қосымша шараларды қарайды және қолданады;
h) өзiнiң бiрiншi кеңесiнде өз кеңестерiнiң және көмекшi органдар кеңестерiнiң ережелерiн қарайды және бiр ауыздан қабылдайды;
i) өзiнiң бiрiншi кеңесiнде 5-баптың 9-тармағының ережелерiн iске асырудың өздерi жинақтаған тәжiрибесiн қарайды және халықаралық деңгейде өтiп жатқан процестер мен өзгерiстердi ескере отырып, қоршаған ортаға лас заттардың түсуiне қатысты тиiстi құжатты және осы Конвенцияның қосымшасына енгiзiлуi мүмкiн ауыстыру регистрлерi мен кадастрларын әзiрлеудi қоса алғанда, жүйенi одан әрi дамыту мақсатында қандай қадамдар жасау қажеттiгi туралы мәселенi шешедi.
3. Тараптар кеңесi, қажет болған жағдайда, бiр ауыздылық негiзiнде қаржы жағдайларын анықтау туралы мәселе қарауы мүмкiн.
4. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелерi мен Атом энергиясы бойынша агенттiк, сондай-ақ 17-бапқа сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға құқығы бар, бiрақ осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекет немесе экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымы және осы Конвенция жататын салаларда құзыретке ие кез келген үкiметаралық ұйым байқаушылар ретiнде Тараптардың кеңестерiне қатысу құқығы бар.
5. Осы Конвенция жататын салаларда құзыретке ие және Тараптар кеңесiне өзiнiң қатысқысы келетiнi туралы Еуропа экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысына хабарлаған кез келген үкiметтiк емес ұйымның, егер кеңеске қатысушы Тараптардың, егер болмағанда, үштен бiрi бұған қарсылық бiлдiрмесе ғана байқаушы ретiнде мұндай қатысуға құқығы бар.
6. Жоғарыдағы 4 және 5-тармақтардың мақсаты үшiн жоғарыдағы 2
h) тармағында аталған рәсiмнiң ережелерi жол беру рәсiмiне қатысты практикалық тетiктердi және басқа да тиiстi жағдайларды көздейдi.

 

      11-бап.Дауыс беру құқығы

1. Төмендегi 2-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Конвенцияның әрбiр Тарабы бiр дауысқа ие болады.

     2. Экономикалық ықпалдасудың аймақтық ұйымдары осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын мүше мемлекеттердiң санына тең дауыстар санына ие бола отырып, өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өз құқығын жүзеге асырады. Егер мүше мемлекеттер өз дауыс құқығын жүзеге асырса және керiсiнше жасаса, мұндай ұйымдар өзiнiң дауыс құқығын жоғалтады.

      12-бап. Хатшылық

      Еуропа экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы мынадай қызметтер атқарады:

     а) Тараптардың кеңестерiн шақырады және әзiрлейдi;

     b) Тараптарға баламаларды және осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес алынған басқа да ақпаратты бередi; және

     с) Тараптар белгiлеуi мүмкiн осындай өзге де қызметтердi жүзеге асырады.

     13-бап. Қосымша

     Осы Конвенцияға қосымша оның ажырамас бөлiгiн құрайды.

     14-бап. Конвенцияға түзетулер       1. Кез келген Тарап осы Конвенцияға түзетулер ұсынуы мүмкiн.       2. Осы Конвенцияға ұсынылатын кез келген мәтiн Еуропа экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысына жазбаша түрде берiледi, ол оны осы түзетудi қабылдау ұсынылатын Тараптар кеңесi басталғанға дейiн кем дегенде тоқсан күн бұрын барлық Тараптарға жiбередi.       3. Тараптар осы Конвенцияға ұсынылған кез келген түзетудi қабылдауға қатысты бiр ауыздылық арқылы келiсiмге жету үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды. Егер бiр ауыздылыққа жету үшiн барлық құралдар түгесiлсе, ал келiсiмге қол жетпесе, соңғы шара ретiнде түзету кеңесте болған және дауыс беруге қатысушы Тараптардың төрттен үш көпшiлiк даусымен қабылданады.       4. Депозитарийлер жоғарыдағы 3-тармаққа сәйкес қабылданған осы Конвенцияға түзету бекiту, мақұлдау немесе қабылдау үшiн Тараптардың бәрiнiң назарына жеткiзiледi. Депозитариймен олардың бекiтiлгенi, орнықтырылғаны немесе қабылданғаны туралы кемiнде осы Тараптардың үштен бiрi хабарлама алғаннан кейiн тоқсаныншы күнi осы Конвенцияға түзетулер, қосымшаларға түзетулермен қатар, оларды бекiткен, мақұлдаған немесе қабылдаған Тараптар үшiн күшiне енедi. Одан әрi кез келген Тарап үшiн түзетулер осы Тарап үшiн бұл түзетулердi бекiту, мақұлдау және қабылдау үшiн құжатты тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.       5. Осы Конвенцияға қатысты қосымшаға қандай да бiр түзетудi мақұлдай алмайтын кез келген Тарап түзету қабылданғаны туралы хабар алынған күннен кейiн он екi ай iшiнде бұл туралы Депозитарийге жазбаша хабарлайды. Кез келген Тарап өзiнiң бұрынғы түзетуiнен бас тартып түзетулердi кез келген уақытта қабылдай алады және қабылданғаны туралы құжат Депозитарийге сақтауға тапсырылғаннан кейiн мұндай қосымшаға осы түзетулер бұл Тарап үшiн күшiне енедi.       6. Жоғарыдағы 4-тармақта көзделген Депозитариймен хабар берiлген күннен кейiн он екi ай iшiнде жоғарыдағы 5-тармақтың ережелерiне сәйкес, Тараптар санының үштен бiрiнен аспайтын бөлiгi мұндай хабарлама бермеген жағдайда, қосымшаға түзету туралы Депозитарийге хабарлама бермеген Тараптар үшiн күшiне енедi.       7. Осы баптың мақсаттары үшiн “болатын және дауыс беруге қатысатын Тараптар” деп қатысатын және “жақтап” немесе “қарсы” дауыс беретiн Тараптар түсiнiледi.

     15-бап.Сақталуын қарау

Тараптардың кеңесi осы Конвенция ережелерiнiң сақталуын қарау үшiн теке-тiреспеу, соттық емес және консультациялық сипаттағы факультативтiк шараларды бiр ауыздан белгiлейдi. Бұл шаралар жұртшылықтың тиiстi қатысуын қамтамасыз етедi және осы Конвенцияға қатысты мәселелер бойынша жұртшылық өкiлдерiнiң хабарламаларын қарау мүмкiндiгiн қамтуы мүмкiн.

    16-бап.Дауларды реттеу

1. Осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты екi немесе одан да көп Тараптардың арасында даулар туындаған жағдайда олар шешiмдi келiссөздер немесе дауға қатысушы Тараптар үшiн қабылдауға болатын дауларды реттеудiң кез келген басқа әдiсiмен iздестiруге ұмтылады.
2. Осы Конвенцияға қол қою, оны бекiту, қабылдау, мақұлдау кезiнде немесе оған қосылу кезiнде немесе бұдан кейiн кез келген кезде Тарап жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерiне сәйкес шешiлмеген дауларға қатысты Депозитарийге жазбаша өтiнiш жiберуi мүмкiн, кез келгенiне қатысты мiндеттi болып табылатын дауды реттеудiң келесi құралдарынан ол бiреуiн

немесе екеуiн мойындайды.

     Өзiне мынадай мiндеттемелер алатын Тараптар:

     а) Халықаралық Сотқа беру;

     b) II қосымшада белгiленген рәсiмге төрелiк.

     3. Егер дау тараптары жоғарыдағы 2-тармақта аталған дауды реттеудiң

екi құралын қабылдаса, егер тек тараптар өзге туралы уағдаласпаса, дау тек

Халықаралық Сотқа ғана берiлуi мүмкiн.

     17-бап.Қол қою

           Осы Конвенция 1998 жылғы 25 маусымда Орхуста (Дания), ал содан соң 1998 жылғы 21 желтоқсанға дейiн Еуропа экономикалық комиссиясына мүше мемлекеттердiң, 1947 жылғы 28 наурыздағы Экономикалық және Әлеуметтiк Кеңестiң 36 (IV) қарарының 8 және 11-тармақтарына сәйкес Еуропа экономикалық комиссиясының жанындағы консультациялық мәртебесi бар мемлекеттердiң, осы мәселелерге қатысты шарттар жасасу өкiлеттiгiн қоса алғанда, осы Конвенциямен реттелетiн мәселелерге қатысты өздерiнiң мүше мемлекеттерi өкiлеттiгiн берген Еуропа экономикалық комиссиясының егемендi мүше мемлекеттерi құрған экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары қол қоюы үшiн ашық.

   18-бап.Депозитарий

Осы Конвенцияның Депозитарийi ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрекет етедi.

   19-бап. Бекiту, қабылдау, мақұлдау және бiрiгу       1. Осы Конвенцияны оған қол қойған мемлекеттер және экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары бекiтуге, қабылдауға немесе мақұлдауға тиiс.

     2. Осы Конвенция мемлекеттер және 1998 жылғы 22 желтоқсандағы 17-бапта көрсетiлген экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары үшiн

ашық.

     3. Жоғарыдағы 2-тармақта көрсетiлмеген, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүше мемлекетi болып табылатын кез келген басқа мемлекет Тараптар Кеңесiнiң келiсiмiмен Конвенцияға қосылуы мүмкiн.

     4. Бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжаттарында 17-бапта аталған экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары осы

Конвенциямен реттелетiн мәселелерде өз құзыретiнiң шектерi туралы мәлiмдейдi.

   20-бап.Күшiне енгiзу

           1. Осы Конвенция бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы он алтыншы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.       2. Жоғарыдағы 1-тармақтың мақсаты үшiн экономикалық интеграцияның қандай да бiр аймақтық ұйымына сақтауға тапсырылған кез келген құжат мұндай ұйымның мүше мемлекеттерiне сақтауға тапсырылған құжаттарға толықтыру ретiнде қарастырылмайды.       3. 17-бапта аталған және осы Конвенцияны бекiтетiн, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбiр мемлекет немесе ұйым үшiн бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы он алтыншы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiн осы Конвенция бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты мұндай мемлекет немесе ұйым сақтауға тапсырғаннан

кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.

     21-бап. Конвенциядан шығу

          Қандай да бiр Тарапқа қатысты осы Конвенция күшiне енген күннен

бастап үш жыл өткенше кез келген уақытта бұл Тарап Депозитарийге жазбаша

хабарлама жiберу арқылы Конвенциядан шыға алады. Мұндай кез келген шығу

Депозитарий ол туралы хабарлама алған күннен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне

енедi.

    22-бап. Түпнұсқа мәтiндер

          Осы Конвенцияның түпнұсқасы, түпнұсқа мәтiндер болып табылатын

ағылшын, орыс және француз мәтiндерi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас

хатшысына сақтауға тапсырылады.

     ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРЫП осыған уәкiлеттi адамдар осы Конвенцияға қол қойды.

     Бiр мың тоғыз жүз тоқсан сегiзiншi жылғы жиырма бесiншi маусымда

Орхуста (Дания) ЖАСАЛДЫ.

                                                          1-қосымша

6-баптың 1 а) тармағында аталған қызмет түрлерiнiң тiзбесi

1. Энергетика:

- мұнай өңдеушi және газ өңдеушi зауыттар;

- газдандыруға және көмiрдi сұйылтуға арналған қондырғылар;

- жылу электр станциялары және жағу үшiн 50 мегаватт (МВт) немесе одан да көп жылу қуаты әкелiнген басқа да қондырғылар;
- кокос пештерi;
- мұнай электр станцияларын немесе 1-реакторларды бөлшектеудi немесе пайдаланудан шығаруды қоса алғанда (барынша қуатты тұрақты жылу жүктемесiнiң 1 кВт-нан аспайтын бөлiнетiн және өндiрiлетiн материалдарды өндiру мен консервациялауға арналған зерттеу қондырғыларын қоспағанда) атом электр станциялары және атомды реакторы бар басқа да қондырғылар;
- сәулеленген ядролық отынды ұқсатуға арналған қондырғылар;
- мынаған арналған қондырғылар:
- ядролық отынды өндiру мен байытуға арналған;
- сәулеленген ядролық отынды немесе жоғары радиоактивтiк қалдықтарды өңдеуге арналған;
- сәулеленген ядролық отынды түпкiлiктi ажыратуға арналған;
- өндiрiстiк объектi аумағынан тысқары басқа орындардағы сәулеленген ядролық отынды немесе радиоактивтi қалдықтарды тек сақтауға арналған (10 жылдан астам уақытқа жоспарланған).
2. Металдар өндiру және өңдеу:
- металл рудаларын (сульфиттi руданы қоса алғанда) күйдiруге немесе агломерациялауға арналған қондырғылар;
- сағатына 2,5 тоннадан асатын өнiмдiлiктегi үздiксiз ағызуды қоса алғанда, шойынды немесе болатты қайта балқытуға (бiрiншi немесе екiншi балқыту) арналған қондырғылар;
- қара металдарды өңдеуге арналған қондырғылар:
i) сағатына 20 т шикi болаттан асатын қуаты бар ыстық прокаттау стандары;
ii) балғаға 50 кДж-ден асатын, тұтынылатын жылу қуаты 20 МВт-тан асатын ұста балғалары;
iii) сағатына 2 тоннадан асатын шикi болатты бере отырып қорғаныш шашыратқы металл жамылғыларын жағу;
- өндiрiстiк қуаты күнiне 20 тоннадан асатын қара металлдар құю;
- мыналарға арналған қондырғылар:
i) рудадан қышқылдандырылмаған металдарды, металлургиялық, химиялық немесе электролиттiк процестер арқылы концентраттарды немесе қайталама шикiзат материалдарын өндiру;
ii) қорғасын мен кадмий үшiн күнiне 4 тоннадан немесе басқа барлық металдар үшiн 20 тоннадан асатын балқыту қуаты бар, легирленгенiн қоса алғанда, түстi металдардың, оның iшiнде рекуперирленген өнiмдердiң (рафинирленген, құю өндiрiсi және т.б.) қорытпалары;
- электролиттiк немесе химиялық процестердi пайдалана отырып металдарды және пластикалық материктердi беткi өңдеуге арналған қондырғылар, бұл кезде өңдеу үшiн пайдаланылатын күбiлердiң көлемi 30 текше м-ге артады.
3. Минерал шикiзатын ұқсату жөнiндегi өнеркәсiп:
- күнiне 500 т-дан асатын өндiрiстiк қуаты бар айналмалы күйдiру пештерiнде цемент клинкерiн, немесе күнiне 50 т-дан асатын өндiрiстiк қуаты бар айналмалы күйдiру пештерiнде, немесе күнiне 50 т-дан асатын өндiрiстiк қуаты бар басқа да пештерде әк өндiруге арналған қондырғылар;
- асбест өндiруге немесе құрамында асбест бар өнiмдердi әзiрлеуге арналған қондырғылар;
- әйнек талшығын қоса алғанда, күнiне 20 т-дан асатын балқытқыш қуаты бар әйнек өндiрiсiне арналған қондырғылар;
- күнiне 20 т-дан асатын балқытқыш қуаты бар, минералдық талшықтар өндiрiсiн қоса алғанда, минералды заттар ерiтуге арналған қондырғылар;
- күйдiру арқылы керамикалық өнiмдердi, атап айтқанда шатыр қыштарын, кiрпiш, отқа төзiмдi кiрпiш, керамикалық плиткалар, тас керамикалар немесе фарфор бұйымдар өндiруге арналған, күйдiру пештерiнiң қуаты 4 текше метрден асатын және күйдiру пештерiндегi садкидiң тығыздығы 300 кг/текше метрден асатын қондырғылар.
4. Химия өнеркәсiбi: осы тармақта аталған қызмет санаттарының мәнi шегiндегi өндiрiс а) – g) тармақшаларында аталған заттарды немесе заттар топтарын химиялық өңдеу көмегiмен өнеркәсiптiк көлемдерде өндiрудi бiлдiредi:
а) мынадай негiзгi органикалық химиялық заттарды өндiруге арналған

химиялық қондырғылар;

i) қарапайым көмiрсутектер (линиялық немесе циклдiк, қаныққан немесе

қанықпаған, алифаттық немесе ароматтық);

ii) спирттер, альдегидтер, кетондар, карбонды қышқылдар, күрделi

эфирлер, ацетаттар, қарапайым эфирлер, тотықтар, эпоксидтi смолалар

секiлдi құрамында қышқыл бар көмiрсутектер;

iii) күкiрттi көмiрсутектер;

iv) аминдер, амидтер, азоттың қосылысы секiлдi азотты көмiрсутектер;

v) құрамында фосфор бар көмiрсутектер;

vi) галогенизделген көмiрсутектер;

vii) органометалдық қосылыстар;

viii) негiзгi пластикалық материалдар (полимерлер, синтетикалық

талшықтар және целлюлоза базасындағы талшықтар);

iх) синтетикалық каучук;

х) бояулар мен пигменттер;

хi) беткi-активтi заттар;

b) мына секiлдi негiзгi бейорганикалық заттарды өндiруге арналған

химиялық қондырғылар:

i) аммиак, хлор немесе хлорлы сутек, фтор немесе фторлы сутек, көмiртек оксидтерi, күкiрт қосылыстары, азот оксидтерi, сутек, күкiрт диоксидi, көмiртек хлорокисi секiлдi газдар;
ii) хромды қышқыл, азот қышқылы, хлорлы-сутектi қышқыл, күкiрт қышқылы, олеум, күкiрттi қышқыл секiлдi қышқылдар;
iii) аммоний гидрокисi, калий гидрокисi, натрий гидрокисi секiлдi сiлтiлер;
iv) хлорлы аммоний, хлорлықышқыл калий, көмiрқышқыл калий, көмiрқышқыл натрий, перборат, азотқышқыл күмiс секiлдi тұздар;
v) металл еместер, металдардың оксидтерi немесе кальций карбидi, кремний, кремний карбидi секiлдi басқа да бейорганикалық қосылыстар;
с) фосфор, азот немесе калий минералды тыңайтқыштарын (қарапайым немесе күрделi тыңайтқыштарды) өндiруге арналған химиялық қондырғылар;
d) өсiмдiк шаруашылығы және биоцидтер үшiн негiзгi өнiмдердi өндiруге арналған химиялық қондырғылар;
е) негiзгi фармацевтикалық өнiмдердi өндiру үшiн химиялық немесе биологиялық процестер қолданылатын қондырғылар;
f) жарылғыш заттарды өндiруге арналған химиялық қондырғылар;
g) белок жем қоспаларын, ферменттер және басқа белоктық заттар өндiру үшiн химиялық немесе биологиялық процестер пайдаланылатын химиялық қондырғылар.
5. Қалдықтарды өңдеу және алып тастау:
- қауiптi қалдықтарды өртеуге, рекуперациялауға, химиялық өңдеуге немесе көмуге арналған қондырғылар;
- сағатына 3 т-дан асатын өнiмдiлiгi бар коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды жағуға арналған қондырғылар;
- күнiне 50 т-дан асатын өнiмдiлiгi бар қауiптi емес қалдықтарды жоюға арналған қондырғылар;
- инерттiк қалдықтарды қоспағанда, күнiне 10 т-дан астам қалдықтар түсетiн, немесе жалпы сыйымдылығы 25 000 т-дан асатын төгiндi орындар.
6. 150 000 адам мөлшерiндегi халық санының эквивалентiнен асып түсетiн өнiмдiлiгi бар сарқынды суларды тазартуға арналған қондырғылар.
7. Мыналарға арналған өнеркәсiптiк қондырғылар:
а) ағаштан немесе соған ұқсас талшықты материалдардан целлюлоза өндiрiсi;
b) күнiне 20 т-дан асатын өндiрiстiк қуаты бар қағаз және картон өндiрiсi.
8. а) Алысқа қатынайтын темiр жол линияларын және негiзгi ұшу-қону алаңының ұзындығы 2 100 м немесе одан да астам аэропорттар салу;
b) автомагистральдар мен ұшқыр жолдар салу;
с) төрт немесе одан да көп жүрiс жолы бар жаңа жолдар салу немесе төрт немесе одан да көп жүрiс жолдарын жасау мақсатында, жаңа жол немесе қайта жаңғыртылған және/немесе кеңейтiлген участок 10 км немесе одан да үздiксiз ұзақ болатындай, екi немесе одан аз жүрiс жолдары бар бұрынғы жолдарды қайта жаңғырту және/немесе ұлғайту.
9. а) Iшкi кеме жүрiсiне арналған, 1 350 т-дан астам су сыйымдылығы бар кемелердiң өтуiне жол беретiн iшкi кеме жүзiсiне арналған iшкi су жолдары;
b) 1 350 т-дан астам су сыйымдылығы бар кемелердi қабылдай алатын жағалаулық және шығыңқы порттармен байланысты (паромдық өткел айлақтарын қоспағанда) жүк тиеу мен түсiруге арналған сауда порттары, айлақтар.
10. Жер асты суларын жинау немесе жыл сайынғы жиналатын немесе толтырылатын су 10 млн. текше метрге тең болатын немесе одан асып түсетiн жер асты суларын жасанды жолмен толықтыру жүйелерi.
11. а) Өзен бассейндерi арасындағы су ресурстарын ауыстырып отыру жөнiндегi жұмыстар, мұндай жағдайда бұл ауыстыру су жетiмсiздiгiн болдырмауға бағытталған және ауыстырылатын су мөлшерi жылына 1000 млн. текше метрден асады;
Екi жағдайда да су құбырының ауыз суын ауыстырып жiберуге болмайды.
12. Коммерциялық мақсаттарда мұнай мен табиғи газ өндiру, бұл жағдайда алынатын мөлшер мұнай жағдайында күнiне 5000 тоннадан және газ жағдайында 500 000 текше метрден асады.
13. Ұсталатын немесе сақталатын судың жаңа немесе қосымша мөлшерi 10 млн. текше метрден асатын суды ұстауға немесе үнемi сақтауға арналған бөгендер немесе басқа да объектiлер.
14. Диаметрi 8000 мм-ден астам және ұзақтығы 40 км-ден астам газды, мұнайды немесе химиялық заттарды тасымалдауға арналған құбыр желiлерi.
15. Құстарды немесе шошқаларды қарқынды өсiруге арналған:
а) құстар үшiн 40 000-нан;
b) бордақы шошқалар (салмағы 30 кг-нан астам) үшiн 2 000 орыннан;
с) аналық шошқалар үшiн 750-ден астамға есептелген қондырғылар.
16. Карьерлер және 25 га-дан асатын учаске бетiнен пайдалы қазбаларды ашық алу немесе 150 га-дан асатын учаске бетiнен торф алу.
17. Кернеуi 2220 кВ немесе ұзақтығы 15 км-ден асатын электр берiлiстерiнiң әуе желiлерiн салу.
18. Мұнай, мұнай-химия немесе химия өнiмдерiн сақтау үшiн сыйымдылығы 200 000 т немесе одан да көп қондырғылар.
19. Қызметтiң басқа да түрлерi:
- күнiне өңделетiн материалдардың көлемi 10 т-дан асып түсетiн алдын ала өңдеуге (жуу, ағарту, мерсеризация секiлдi операциялар) немесе талшықты немесе текстильдi бояуға арналған қондырғылар;
- ұқсату мөлшерi күнiне 12 т-дан асып түсетiн былғары мен терiлердi илеуге арналған қондырғылар;
а) күнiне 50 т-дан асатын тұтас еттi ұқсату бойынша қуаты бар қасапханалар;
b) мыналардан тамақ өнiмдерiн өндiру мақсатында өңдеу және ұқсату:
i) күнiне 75 т-дан асатын дайын өнiм өндiру жөнiнде қуаты бар мал шикiзаты (сүттен басқа);
й) күнiне 300 тоннадан асатын дайын өнiм өндiретiн өндiрiстiк қуаты бар (тоқсандық негiзде орташа көрсеткiш) өсiмдiк шикiзаты;
с) сүттi өңдеу мен ұқсату, бұл кезде алынатын сүттiң мөлшерi күнiне 200 т-дан асады (жылдық негiзде орташа көрсеткiш);
- күнiне 10 т-дан асатын ұқсатушы қуаты бар үй жануарларының тұтас еттерiн немесе мал шаруашылығы қалдықтарын бөлуге немесе рециркуляциялауға арналған қондырғылар;
- сағатына 150 кг-нан астам немесе жылына 200 т-дан астам өндiрiстiк қуаты бар, органикалық ерiткiштердi пайдалана отырып заттарды, бұйымдарды немесе өнiмдердi беткi өңдеуге арналған, атап айтқанда әрлеуге, басуға, жабуға, майсыздандыруға, гидрооқшаулауға, калибровкалауға, бояуға, тазалауға немесе дымқылдауға арналған қондырғылар;
- жағу немесе графиттендiру арқылы көмiртек (табиғи кокс) немесе электрографит өндiруге арналған қондырғылар.
20. 1 – 19-тармақтарда қамтылмаған кез келген қызмет түрi жұртшылықтың қатысуы ұлттық заңдарға сәйкес қоршаған ортаға ықпал етудi бағалаудың рәсiмдерi шеңберiнде көзделедi.
21. Осы Конвенцияның 6-бабының 1 а) тармағының ережесi, егер тек олардың қоршаған орта мен денсаулыққа айтарлықтай зиянды ықпал жасау мүмкiндiгi болмаса, айрықша немесе негiзiнен жаңа әдiстердi немесе өнiмдердi әзiрлеу және тексеру мақсатында жүзеге асырылатын жоғарыда аталған жобалардың ешбiрiне қолданылмайды.
22. Осы сөйлемде белгiленген өлшемдерге/ақаулы мөлшерлерге өзiнше жауап беретiн қызметтiң кез келген өзгеруi немесе ұлғайтылуы осы Конвенцияның 6-бабының 1 а) тармағының қолданылуына iлiгедi. Қызметтiң кез келген өзгеруi немесе ұлғайтылуы осы Конвенцияның 6-бабының 1 b) тармағының қолданылуына iлiгедi.
Ескерту:
1) Атом электр станциялары және басқа да атом реакторлары барлық ядролық отын немесе басқа радиоактивтi ластаушы элементтер қондырғының өнеркәсiптiк алаңынан түпкiлiктi әкетiлген кезде мұндай қондырғылар болудан қалады.
2) Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн “аэропорт” 1944 жылғы Чикаго конвенциясының мазмұнында бар, Халықаралық азаматтық авиация ұйымын құратын (14-қосымша) анықтамаға сәйкес келетiн аэропортты бiлдiредi.
3) Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн “ұшқыр жол” 1975 жылғы 15 қарашада Халықаралық автомагистральдар туралы Еуропа келiсiмiнде мазмұндалған анықтамаға сәйкес келетiн жолды бiлдiредi.

                                                         II қосымша

Төрелiк

1. Осы Конвенцияның 16-бабының 2-тармағына сәйкес дау төрелiк iс қарауға берiлген жағдайда тарапты немесе тараптарды хатшылық төрелiк iс қарау нысанасы туралы хабарлайды және атап айтқанда, түсiндiру немесе қолдану дауды тудырған осы Конвенцияның баптарын көрсетедi. Хатшылық осылайша алынған ақпаратты осы Конвенцияның барлық Тараптарына жолдайды.
2. Төрелiк сот үш мүшеден тұрады. Дауға қатысушы талапкер-тарап немесе талапкер-тараптар да, сондай-ақ басқа тарап немесе басқа тараптар да бiр төрешiден тағайындайды, осылайша тағайындалған екi арбитр өзара келiсiм бойынша төрелiк соттың төрағасы қызметiн атқаратын үшiншi төрешiнi тағайындайды. Соңғысы дау тараптары бiрiнiң азаматы бола алмайды және осы тараптардың бiрiнiң аумағында өзiнiң әдеттегi тұрғылықты жерiне ие бола алмайды, оларда қызметте бола алмайды немесе қандай да бiр сапада бұл iске қатысы бола алмайды.
3. Егер екiншi төрешi тағайындалғаннан кейiн екi ай өткенде төрелiк соттың төрағасы тағайындалмаса, тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша Еуропа экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы оны келесi екi ай iшiнде тағайындайды.
4. Егер дау тараптарының бiрi екi ай iшiнде төрешiнi тағайындамаса, басқа тарап бұл туралы Еуропа экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысын хабардар етуге құқылы, ол төрелiк соттың төрағасын келесi екi айдың iшiнде тағайындайды. Өзi тағайындалғаннан кейiн төрелiк соттың төрағасы төрешi тағайындамаған тарапты мұны екi айдың iшiнде жасауды өтiнедi. Егер ол мұндай мерзiмнiң iшiнде мұны жасамаса, төраға Еуропа экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысын хабардар етедi, ол келесi екi айдың iшiнде бұл төрешiнi тағайындайды.
5. Төрелiк сот халықаралық құқыққа және осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес өз шешiмiн шығарады.
6. Осы қосымшаның ережелерiне сәйкес құрылған кез келген төрелiк сот жеке өзiнiң рәсiм ережелерiн әзiрлейдi.
7. Рәсiмдiк мәселелер бойынша да, мәнi мәселелерi бойынша да төрелiк соттың шешiмдерi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
8. Сот фактiлердi анықтау үшiн барлық тиiстi шараларды қолдануы мүмкiн.
9. Дау тараптары төрелiк сот жұмысына жәрдемдеседi және, атап айтқанда өздерiнiң иелiгiнде бар құралдардың бәрiн пайдалана отырып:
а) оған барлық тиiстi құжаттарды, шарттарды және ақпаратты бередi;
b) қажет болған жағдайда сотқа куәларды немесе сарапшыларды шақыру және олардың жауаптарын тыңдау мүмкiндiгiн бередi.
10. Стороны спора и члены арбитражного суда соблюдают конфиденциальность любой информации, получаемой ими в конфиденциальном порядке в ходе разбирательства в арбитражном суде.
Ескерту. 10-тармақтың қазақша аудармасы жоқ.
11. Төрелiк сот тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша уақытша қорғау шараларын қабылдауын ұсынуы мүмкiн.
12. Егер тараптардың бiрi төрелiк сотқа келмесе немесе өз iсiн қарауға қатыспаса, екiншi тарап соттан iс қарауды жалғастыруды және өзiнiң түпкiлiктi шешiмiн шығаруды өтiнуi мүмкiн. Тараптардың бiрiнiң сотта болмауы немесе тараптардың бiрiнiң iстi қарауға қатыспауы iстi қарау үшiн кедергi бола алмайды.
13. Төрелiк сот даудың мәнiнен тiкелей туындайтын қарама-қарсы талаптарды тыңдап, олар бойынша шешiм шығаруы мүмкiн.
14. Егер төрелiк сот өзге шешiм қабылдамаса, iстiң нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, сот мүшелерiнiң көрсеткен қызметiне ақы төлеудi қоса алғанда, сот шығындарын дау тараптары тең бөлiп төлейдi. Сот өзiнiң барлық шығындарын тiркейдi және осы шығыстар туралы түпкiлiктi есептi дау тараптарына бередi.
15. Осы Конвенцияның дау нысанасына құқықтық сипаттағы мүдделiлiгi бар және осы iс жөнiндегi шешiммен қозғалуы мүмкiн кез келген Тарабы соттың келiсiмiмен iс қарауға қатысуға құқығы бар.
16. Төрелiк сот, егер тек ол бұл мерзiмдi бес айдан асатын кезеңге созуды қажет деп есептемесе, өзi тағайындалған күннен кейiн бес айдың iшiнде өзiнiң шешiмiн шығарады.
17. Төрелiк соттың шешiмi себептер түсiндiрiлумен қатар жүредi. Бұл  шешiм түпкiлiктi және даудың барлық тараптары үшiн мiндеттi болып табылады. Төрелiк сот өз шешiмiн даудың тараптарына және хатшылыққа жiбередi. Хатшылық өзi алған ақпаратты осы Конвенцияның барлық Тараптарына жолдайды.

 18. Соттың шешiмiн түсiндiруге немесе орындауға қатысты тараптар арасында тууы мүмкiн кез келген дауды кез келген тарап осы шешiмдi шығарған төрелiк сотқа бере алады, немесе соңғысының қызметiн пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда бiрiншiсi сияқты жолмен осы мақсатта құрылған басқа сотқа беруi мүмкiн.

Мамандар:

Қасымбеков Б.А.

Икебаева Ә.Ж.

Все права защищены © 2017. All Rights Reserved.